Официальный интернет-ресурс акимата Жаркаинского района Акмолинской области

Телефон: +7(71648) 9-10-01
021100, zharkain@akmol.kz
Акмолинская область, Жаркаинский район, город Державинск, улица Денина 34

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Аппаратное совещание

12.12.2018

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында аудан әкімдігінің кезекті аппараттық кеңесі өткізіліп, жыл қорытындысы қаралды. Кеңес жұмысын бастаған Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан аудан активіне өзінің жаңа орынбасары Дулат Сыздықовты таныстырды. Қызмет барысында Дулат Қуанышбекұлы ауыл шаруашылығы, экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелерін жүйелейтін болады. 
Алғашқы болып сөз алған Жарқайың ауданы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Динара Бейсен жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжалды орындалуы туралы баяндады. Баяндамашының ақпараты бойынша бюджет қаржысын игеру көрсеткіші 100 пайызды құрамақ. Нысаналы индикаторларға қол жеткізу барлық сала басшылары үшін басты міндет болып қала бермек. Осы орайда аудан басшысы жоспарлы көрсеткіштерді орындауға басымдық беру қажеттігін ескертті.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Октябрь Байегізов баяндағандай, ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешенінің барлық нысаналы индиктаорлары толық орындалған. Ауданымызда Тасөткел ауылында шағын сүт тауарлары фермасы, Гастелло ауылында мал суаруға арналған су құбыры ашылған, асыл тұқымды ірі қара мал, ірі қараны асылдандыру бағытында 98 бас бұқа сатып алынды. Егін орағы маусымы сәтті аяқталып, шаруалар 630 мың га жерден 600 мың тонна өнім жинады. Аудан экономикасының ең ауқымды саласында алға ілгерілеу нақты байқалады. 
Аудан экономикасын дамытудың алғышарты ретінде инвестицияларды атап айтуға болады. Биылғы жылы аудан экономикасына 4,6 млрд теңге инвестиция жұмылдырылған, алайда бұл жұмыстың өз деңгейінде жүргізілмегенін аудан басшысы сынға алды. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Талғат Бейсеновке келер жылы инвестициялар көлемін ұлғайтуға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарлары бағасының өсіміне жол бермеу мақстаында арнайы шаралар қолдану керектігі атап өтілді. Бұл ретте, ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді жолға қою мақсаты айқындалды. 
Құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы жайлы жауапты сала басшысы Лилия Загоруйко баяндады. Биыл Бірсуат ауылында ауыз су жүйесін қалпына келтіру жобасы басталды. Ауыл халқын таза сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттің 322,4 млн. теңге қаржысы жұмсалады. Шойындыкөл ауылында ауыз су жүйесін қалпына келтіру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін өтінім жолдау жұмыстары жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Державин қаласының «Жастар» шағын ауданында 75-пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылы басталады.

  • DSC_0364.jpg
  • DSC_0364.jpg
Страница создана: 14.12.2018 15:29
Страница обновлена: 14.12.2018 15:29
Просмотров: 40


«    Январь 2019    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Текст