ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ZHARKAIN.GOV.KZ

 

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

г.Державинск, улица Ленина 34, 8-71648-9-10-01

zharkain@akmol.kz

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Аппаратное совещание

11.09.2018

Аудан әкімі Мұрат Балпанның төрағалығымен өткізілген кезекті ақпараттық кеңесте өңірде мал шаруашылығының даму барысы, мемлекеттік тілді оқыту мәселелері талқыланды. Алғаш болып сөз алған ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Октябрь Байегізов, атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, индикативті көрсеткіштердің орындалуына тоқталды. Жыл соңына дейін отбасылық үлгідегі алты бордақылау алаңдарын ашу, мал суаруға арналған су құбырларын заңдастыру, экспорттық өнім даярлауға 500 бас ірі қара тапсыру, отбаслық үлгідегі сүт тауарлары фермасын ашу міндеттері тұр. Бұл тұрғыда бөлімге ауыл әкімдерімен бірге тығыз жұмыс жасап, барлық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажетті шараларды қолдану тапсырылды.

Ауданымызда мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін мемлекеттік қызметшілерге оқытуды жүзеге асырып келе жатқан бірден бір бүлім орны – Тілдерді оқыту орталығы. Орталықтың жұмысы және мемлекеттік тілді оқыту мәселелері жайлы орталық директоры Эльмира Әбітаева ақпарат берді.  Орталық басшысының ақпаратына сүйенсек, мекемеде 2 ағылшын тобында 20 мемлекеттік қызметші дәріс алуда. Орталықта мемлекеттік тілді меңгеруге ынта білдірген 65 мемлекеттік қызметші білім алуда. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін көтеру, ұлттық танымды қалыптасыру мақсатында орталық ұжымы түрлі дәстүрлі іс-шаралар, салт-дәстүрлер фестивалін ұйымдастырып келеді.

Орталық басшысы ақпаратынан соң, аудан әкімі Мұрат Балпан ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы ай сайын мемлекеттік органдардың басшыларының, ауыл әкімдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеру мақсатында жүргізілетін тестілеуді аса жауапкершілікпен жүргізуді тапсырды. Мекеме басшыларына тілді меңгеру курстарына мамандардың үнемі қатысуын қадағалау ескертілді. 

Страница создана: 14.09.2018 09:26
Страница обновлена: 14.09.2018 09:26
Просмотров: 34


«    Ноябрь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Текст