ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ZHARKAIN.GOV.KZ

 

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

г.Державинск, улица Ленина 34, 8-71648-9-10-01

zharkain@akmol.kz

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Аудан әкімі азаматтарды қабылдады

10.10.2018

Алтын күздің бел ортасында қазан айының алғашқы сәрсенбісінде Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау кабинетінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Соңғы кездері аудан әкімінің жеке қабылдауында коммуналдық шаруашылық, баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер жиі көтеріліп жүр. Кезекті қабылдауға келген Амалия Бабжанова, Валентина Солодова, Дариға Есенова баспанаға мұқтаж екендерін аудан әкіміне жеткізді. Мұрат Сағатұлы тұрғындарын өтініштерін мұқият тыңдап, ауданда коммуналдық меншікте бос пәтердің жоқ екендігін түсіндіріп, баспананың тек қана кезек тәртібімен берілетінін айтты. 95 жастаға Амалия апамызға келер жылы 75 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталған уақытта, пәтер кілтін өзім әкеліп қолыңызға тапсырамын деп, аудан әкімі уәде берді. 

Державин қаласының тұрғыны Инна Почтарук Мира көшесінде орналасқан жеке үйлерді орталықтандырылған жылу беру жүйесіне қосу мәселесін көтерді. Өңір басшысы Захаров көшесінің тұрғындарынан үлгі алып, көрші-көлеммен ақылдасып, бастамашыл топ құрып, коммуналдық кәсіпорынға өтініш беру қажеттігін түсіндірді.

Уақытында Тассуат ауылы әкімі қызметін атқарған Мирасхан Мұратов жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінді. Өз кезегінде аудан басшысы қазіргі уақытта ауданда мемлекеттік органдарды оңтайландыру қолға алына бастайтынын жеткізіп, бос орындарға жарияланған конкурстарға қатысуға кеңес берді.   

Страница создана: 12.10.2018 16:59
Страница обновлена: 12.10.2018 16:59
Просмотров: 42


«    Ноябрь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Текст