ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ZHARKAIN.GOV.KZ

 

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

г.Державинск, улица Ленина 34, 8-71648-9-10-01

zharkain@akmol.kz

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Бүгінгінің қаһармандары – диқандар

09.10.2018

Жарқайың ауданы Ақмола облысының астық алқабы ең үлкен аудан болып саналады. Бидайдың жоғары сапасымен әйгілі болған өлке 622,5 мың гектар жерге егін еккен. Осынау теңіздей астық алқабында маңдай терін төккен диқаншылар мен наубайшыларды бүгінгінің қаһарманы деп атауға болады. Биылғы алтын күз шаруашалрдың адал еңбегін ақтады деп толықтай айта аламыз.

Алдымен, комбайншыларға тоқталсақ, «Дихан-4» ЖШС-нің еңбек ерені Александр Малышенконы атап өтуге болады. Александр биылғы науқанда 1500 гектар егін алқабын шауып, 19200 тонна астық жинаған. «Сельхозхимия» серіктестігінде еңбек ететін Александр Андреев 1217 гектар алқаптан 17 мың тонна астық жинаған.

«Костычев» ЖШС-нің комбайншысы Қабдолла Ізтілеуов 1350 гектар алқапты орып, 16 мың тонна бидай өндірді.

Алқаптың алыптары қатарына мол өнім алуға үлесін қосқан механизаторларды қосуға болады. Мәселен, «Дихан-4» ЖШС-нің механизаторы Дмитрий Ревтович биылғы жылы жалпы алғанда 6600 гектар алқапты өңдесе, «Жер-1» ЖШС-нің еңбеккері Рашид Мазитов 6000 гектар жерді игерген.

Жарқайың ауданында егістік алқабы мен қамбаның арасын жалғаған жүргізушілердің де еңбегін ескермеуге болмас. Олардың ерең еңбегі арқасында жиналған астық қамбаға уақытылы жеткізілді. «Сельхозхимия» ЖШС-нің жүргізушісі Александр Ткаченко 4875 тонна, «Державинская Агропромтехника» ЖШС-нің маманы Юрий Лукьяненко 3896 тонна, «Жарқайың» ЖШС-нің жұмыскері Александр Енгалычев 1830 тонна, «Костычев» ЖШС-нің жүргізушісі Дүйсенбай Ибраев 1750 тонна, «Азамат-4» шаруа қожалығында МАЗ автокөлігін тізгіндеген Бекжан Бейсембеков 1500 тонна астық тасымалдаған.

Біздің дана халқымыз «Не ексең, соны орасың» деп бекер айтпаса керек. Шаруалардың ел игілігі үшін төккен маңдай терлері зая кетпей, биыл ауданымыздың қамбасы толды. Жердің қадірі мен қасиетін жете түсінетін шаруақор азаматтар ырзыққа кенелді. Дархан даланың қаһармандарына айналған диқандарды Жарқайың халқы мақтан тұтады. 

Страница создана: 12.10.2018 16:55
Страница обновлена: 12.10.2018 16:55
Просмотров: 35


«    Ноябрь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Текст