ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ZHARKAIN.GOV.KZ

 

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

г.Державинск, улица Ленина 34, 8-71648-9-10-01

zharkain@akmol.kz

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Жарқайың ауданында егін орағы маусымы аяқталды

08.10.2018

Ерте көктемнен жерге еңкейіп, күз айының соңына қарай бүгілген белін бір-ақ жазатын диқаншылар үшін балапанды санайтын уақыт таянған секілді. Сірә, соның алды болар, ауданымызда бидай ору науқаны аяқталды. Алайда, егіндік алқабында дән қалмағанымен, еңбек қызығы қырманда жалғасуда. Қырман қызыл дәнге толған. Ондағылардың бірі түскен дәнді арнайы агрегатпен суырып, кептіріп жатса, бірі тазалауда. Енді бірі қамбаға кіргізуде. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман дегендей, халықтың жүйрік ойы егін орағы аяқталды, қорытынды қандай болды екен деуі мүмкін ғой. Сол ой бізді Жарқайың ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Мұрат Берлібековке жетелеген. Бас агрономның айтуынша, шаруашылықтар бойынша өндірістік бағдарламаны орындауда алға жылжушылық бар. Мәселен, әр гектар масақты дәнді дақылдан биыл 9,5-тен 15 центнерге өнім алынған. Өткен жылы бұл көрсеткіш орташа алғанда 9,4 центнерді құраған болатын. Жекелеген шаруашылықтар бойынша Алексей мен Игорь Пугачевтар жетекшілік ететін «Осана Агро» ЖШС-нің диқаншылары 6232 гектар алқаптың әр гектарынан 15 центнерден, «Тұқым Агро» 14,  «Сельхозхимия» ЖШС – 11,  «Жер-1» ЖШС - 10 центнерден өнім алды. Биылғы егін орағына 948 комбайн қатысты. Оған дәнді тасымалдаған 675-ке жуық көлікті қосайық. Ауа райына шыдас берген диқаншылардың төккен тері текке кетпесе керек. 

Страница создана: 12.10.2018 16:54
Страница обновлена: 12.10.2018 16:54
Просмотров: 35


«    Ноябрь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Текст