Официальный интернет-ресурс акимата Жаркаинского района Акмолинской области

Телефон: +7(71648) 9-10-01
021100, zharkain@akmol.kz
Акмолинская область, Жаркаинский район, город Державинск, улица Денина 34

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Әкімдік мәжілісі

25.09.2018

Аптаның алғашқы күні кезекті рет өңір басшысы Мұрат Балпанның төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өткізіліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметтерді көрсету, есептік кездесулерде халықпен айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, ветеринарлық іс-шараларды өткізу мәселелері кеңінен талқыланды.

Алғашқы болып мінбеде сөз алған Қайрат Қайыров коммуналдық салада көрсетілген мемлекеттік қызметтерді тізбелеп, бұл тұрғыда атқарылған бірнеше жұмыстарға тоқталды. Ағымдағы жылдың 8 айында мекеме тұтынушыларға 155 мемлекеттік қызметті ұсынған, олардың 129-ы  ХҚКО арқылы ұсынылса, 26 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген. Баяндама аяқталған соң, аудан әкімі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жұмысын жалғаструды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлерді жалға беру фактілерін анықтау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығын атап өтіп, жауапты басшыларға тұрақты түрде жұмыс жасайтын комиссия құрып, жалға берілген пәтерлерді коммуналдық меншікке қайтару жұмыстарын жандандыруды міндеттеді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларында барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша облыстық жоспарға Жарқайың ауданы бойынша екі мәселе енгізілген болатын. Оның бірі Үшқарасу ауылында электр желісі қуатын арттыру үшін электрлік жүктемені фазаларға қайта бөлу жұмыстарын Жарқайың аудандық электр желілері мекемесі уақытылы аяқталған.  Екінші іс-шара ертінде Костычев ауылында орта мектеп жанынан облыстық мәслихаттың депутаты Виталий Камышанскийдің демеушілік қаржысына спортзалдың құрылысы жүргізіліп жатқандығын аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлжан Байегізова жеткізді. Бұл тұрғыда аудан әкімі білім бөлімінің басшысына спортзал мен мектеп ғимараты арасын жалғайтын өткел құрылысын ойластыруды тапсырды.

Ауданда мал шаруашылығының қауіпті аурулардан қорғау бойынша жүргізілген ветеринарлық іс-шаралар туралы баяндама жасаған Айсұлу Хасенова, ауданда ірі қара мал басы жүз пайыз надулярлық дерматитке қарсы вакцинамен қамтылғанын тілге тиек етті. Мұрат Балпан ветеринария бөлімінің басшысына бруцеллезге ұшыраған малдың өтемін қайтару мәселесін басты назарда ұстап, алдағы жылы ірі қара малды жүз пайыз надулярлық дерматитке қарсы егу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Күн тәртібінің негізгі мәселелері қарастырылған соң, ағымдағы мәселелер талқыланды. Облыс әкімі Мәлік Мырзалинның ауданға сапары барысында берген тапсырмалары бойынша ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кәсіподақ ұйымын құру, пайдаланылмайтын жерлерді мемлекетке қайтару, еңбек ақысы төмен шаруашылықтарға шара қолдану жұмыстарын жан-жақты, тиянақты әрі уақытылы жүргізу қажеттілігі айтылды.

Смағұлов көшесі 16 үйдің пәтер иелерімен жиналыс өткізу қала әкімдігіне тапсырылды. Себебі, алдағы жылы бұл үйге жылу жүйесі тартылып, инженерлік желілер орнатылатын болады.  

Страница создана: 26.09.2018 17:35
Страница обновлена: 26.09.2018 17:35
Просмотров: 73


«    Декабрь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Текст