ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ

АКИМА ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ZHARKAIN.GOV.KZ

 

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

г.Державинск, улица Ленина 34, 8-71648-9-10-01

zharkain@akmol.kz

Мы в социальных сетях

Добавить в закладки

 

Поиск по сайту

ПОЛОЖЕНИЕ о ГУ "Аппарат акима Жаркаинского района"

«Жарқайың ауданы әкімінің аппараты»

 

мемлекеттік мекемесі туралы

 

ЕРЕЖЕ

 

 

 

1.Жалпы ереже

 

 

 

1. «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық  қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 

2. Жарқайың ауданы әкімінің аппараты Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенттінің және Үкіметтің актілеріне,  басқа да нормативті құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

 

3. Жарқайың ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

 

4. Жарқайың ауданы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

 

5. Жарқайың ауданы әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

 

6. Жарқайың ауданы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жарқайың ауданы әкімінің аппаратының басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

 

7. Жарқайың ауданы әкімінің аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

 

8. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: 021100, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қ., Ленин көшесі, 34.

 

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

 

10. Осы Ереже Жарқайың ауданы әкімінің аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

 

11. Жарқайың ауданы әкімінің аппаратының қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығын сметасынан) жүзеге асырылады.

 

12. Жарқайың ауданы әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Жарқайың ауданы әкімінің аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

Егер Жарқайың ауданы әкімінің аппараты заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

 

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

 

 

13. Аудан әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық  қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асырумен жасалады.

 

14. Аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттері  аудан әкімінің және оның орынбасарларының ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету қызметі болып табылады.

 

15. Аудан әкімінің аппараты келесі функцияларды орындайды:

 

- Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс, әкімдік және облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін жүзеге асыру;

 

- ауданның әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, экономикалық реформаны жүзеге асыруға бастамашылық ету, жетілдіру әдістерін жүзеге асыру;

 

- тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және азаматтық келісімді, прогресстің және рухани жаңару базасында қоғамның бірігуі бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтер құрылымының үйлестірілуі;

 

- мемлекеттік органдарда кадрлық саясат саласында Қазақстан Республикасы Президентінің курсын өткізу, облыс және аудан әкімдерінің номенклатурасына кірген және қосылған кадрлар қорын қалыптастыру, қызметке тағайындалу кезіндегі және атқарған қызметтен босатылғандағы құжаттарды рәсімдеу, оқудың ұйымдастырылуы және осы дәрежедегі кадрларының қайта даярлануы;

 

- аудан әкімі және оның орынбасарларының қатысуымен өтетін іс-шаралардың өтуін қамтамасыз ету;

 

- аудан әкімі істерін құжаттармен қамтамасыз ету, қызметтік құжаттардың, хаттардың, арыздардың қаралуы, заңды және жеке тұлғалардың өтінштерінің қаралуы, азаматтардың қабылдануын ұйымдастыру, соның ішінде жұмыс және тұрғылықты орны бойынша, ағын-құжаттарды талдау,  мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін жетілдіру, әдістемелік жұмыстардың тәсілдерін жақсарту;

 

- заң және құқықтық ретпен қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару, кәсіпорын, ұйым және азаматтардың конституциялық құқық, міндеттерін органдардың іске асыруын бақылау, мемлекеттік және еңбек тәртібіне бекініс, тұжырымдау, қоғам тәртібіне түсінік шараларын жүргізу;

 

- органдар жұмысының үйлесімділігі, шешім қабылдау кезіндегі әкім өкімінің берілуіне дайындалу мақсатында олардан ақпараттардың уақытылы алынуы;

 

- аудан әкіміне және оның орынбасарларына ақпараттық және аналитикалық сипатты құжат дайындау;

 

- ұйымдастыру - техникалық дайындық  және аудан әкімдігінің мәжілісін ақпаратпен қамтамасыз ету;

 

- бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі және оның орынбасарлары, аппарат қызметкерлерінің жұмыстарының жазылуымен қамтамасыз ету;

 

- аудан әкімі жұмыстарын қаржы - шаруашылық және әлеуметтік - техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;

 

16. Өз міндеттерін жүзеге асыру жөнінде аудан әкімінің аппараты құқылы:

 

- мемлекеттік органдардан, қала, ауылдық округтері әкімдерінен ақпарат алу, сол сияқты оларға орындауға тапсырыс беру;

 

- кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және барлық меншіктерден қажетті ақпараттарға,  қажетті құжаттар немесе өзге материалдарға, қызықтыратын сауалдарға ауызша, жазбаша түсініктемелерге сұраныс жасау және алу;

 

- Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, әкімдіктің және облыс және аудан әкімдерінің шешімдерінің орындалуына тексеріс жүргізу;

 

- кез-келген құпия, ақпараттық, мемлекеттік органдарда бар өкімдерді қолдану;

 

- мемлекеттік көлік құралдары, байланыс және қатынас жүйелерін қолдану;

 

- жұмысқа құқық қорғау, қаржы, салық және де басқа мемлекеттік органдар өкіл мамандарын, сол сияқты шарт негізінде шақыру;

 

- қала, ауылдық  округтері әкімдерінің, аудандық басқарма, кәсіпорын, кеңсе, ұйым басшыларының міндеттерінен босатылуына және жауапкершілік тәртіпті орындауына, қызметке тағайындалуларына, сол сияқты оларға тәртіптік жазаның салынуына аудан әкіміне ұсыныс жасау;

 

- мемлекеттік билік органдарының қызмет құрылымын жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасау;

 

- басқару кеңестерінде, кәсіпорын және ұйым жиналыстарына қатысу;

 

- аудан әкімінің аппаратымен жүргізілуіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

 

- басқарма, бөлім қызметкерлерін, қала, ауыл округтері әкімдерін, кәсіпорын, кеңсе, ұйым, мекеме өкілдерін әкімдікпен және  аудан әкімімен қаралатын шешімдерге қатыстыру;

 

Аудан әкімінің аппараты берген қажетті құжаттар, материалдар, хабарламалар, жазбаша түсініктемелер, сол сияқты мемлекеттік органдарға арналған міндетті жазылымдар, аппаратпен басқа нақты күндер белгіленбесе, 10 күн ішінде орындалуын талап етеді.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

 

 

17. Жарқайың ауданы әкімінің аппаратымен басшылық ету  аппарат басшысымен жүзеге асырылады, ол аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті атқарады.

 

18. Жарқайың ауданы әкімі аппаратының басшысы  аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

 

19. Жарқайың ауданы әкімі аппаратының басшысы:

 

- аудан әкімінің аппараты туралы, аудан әкімі алқасының ережелерін әзірлейді, аппараттың штаттық санының құрылымына ұсыныс жасау, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстемақы жасауға аудан әкіміне ұсыныс жасайды;

 

- аудандық құрылым бөлімшелеріне жұмысын ұйымдастыруға ұсынысты ұйымдастырады және жібереді;

 

- аудан әкімінің аппаратындағы ішкі жұмыс тәртібін орнатады;

 

- аудан әкіміне шешім, өкім жобалары және басқа да мәліметтер бойынша ұсыныс жасайды;

 

- аудан басқармаларының, жергілікті өкілетті және орындаушы органдарының, саяси партияларының, қоғамдық қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат құралдарының аудан әкімімен байланыс жасауларымен қамтамасыз ету;

 

- аудан әкіміне оның орынбасарларының келісімімен кадрлық саясат жұмысының үйлестірілуін қарастыруға, аудан әкімінің аппараты бөлімшелері басшыларының тағайындалуына, босатылуына ұсыныс жасайды;

 

- аппарат лауазымды қызметкерлерінің жауапты нұсқауларын, құрылым бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

 

- сыбайлас жемқорлыққа қарсылық ету жөнінде шараларды қабылдайды және оған дербес жауапты болады.

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін  қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

 

 

20. Аудан әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

 

Аудан әкімі аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ

 

өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

 

21. Аудан әкімі аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

 

 22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, аудан әкімінің аппараты өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

 

 

23. Аудан әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Страница создана: 05.01.2018 13:31
Страница обновлена: 05.01.2018 15:07


«    Январь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Текст