ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ZHARKAIN.GOV.KZ

 

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

г.Державинск, улица Ленина 34, 8-71648-9-10-01

zharkain@akmol.kz

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Рабочее совещание

12.09.2018

Нәтижелі кеңес

Осы аптада аудан басшысы ауыл және ауылдық округ әкімдерін, ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарын, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығ бөлімі басшыларын жиып, ағымдағы мәселелерді талқылау бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте негізгі төрт мәселе айқындалды, олар: егін орағы маусымы, мал шаруашылығын дамыту, мал жайылымдарын ұйымдастыру және жылу беру маусымына дайындық. Егін орағы маусымының өткізілу барысы жайлы жеке-жеке есеп берген ауыл әкімдері, стаистикалық деректердің қате жасалатыны үшін аудан әкімінің сынына ұшырады. «Құрметті әріптестер! Егін орағы ең бір жауапты науқан, сіздер егістік алқаптарын аралап, жұмыстың барысы жайлы хабардар болуларыңыз керек. Астықты толықтай, еш шығынсыз жинауға мүдделі болуға тиіссіздер» , - деп ескертті Мұрат Сағатұлы. Барлық әкімдерге науқанды өткізу бойынша нақты деректермен қамтылған есептерді ұсыну тапсырылды. Мал шаруашылығы бойынша алты ауылда бордақылау алаңдары ашылу күтілуде. Бұл жұмыстар үш ауылда аяқталған, қалған үш ауылға қараша айына дейін құжаттарды толық рәсімдеуді аяқтау міндеті қойылды. Мал жайылымдарын ұйымдастыру мәселесінде бұл жұмыстарды тыңғылықты ұйымдастыру қажет екендігі ескертілді. Ауылдардың мал жайылымы карталарын нақтылау жұмыстарын жүргізу керектігі баса айтылды. Бұл тұста аудан әкімінің жыл басында берілген тапсырмасы орындалмағаны айқындалды. Осы орайда заңгерлермен, аудандық мәслихат аппараты және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарымен бірлесіп бір ай көлемінде жұмыстарды аяқтау міндеті қойылды. Сонымен қатар, ауылдағы әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы барысы жайлы әкімдер ақпарат берді. Ауыл мектептері, мәдениет үйлері, кітапханалар жылу беру маусымына толықтай дайын, отын толық көлемде сатып алынған. Бүгінгі таңда, медицина мекемелеріне көмір сатып алу жұмыстары орталық аудандық аурухана тарапынан жүргізіліп жатыр.

Страница создана: 14.09.2018 12:15
Страница обновлена: 14.09.2018 12:15
Просмотров: 16


«    Сентябрь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Текст