ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ZHARKAIN.GOV.KZ

 

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

г.Державинск, улица Ленина 34, 8-71648-9-10-01

zharkain@akmol.kz

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


В ЖАРКАИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕДЕНЫ КОННО-НАЦИОНАЛЬНЫЕ ВИДЫ СПОРТА

13.07.2018

Бәйге десе елең етіп, делебесі қозып, ішкен асын жерге қоятын жарқайың жұрағаты кекілін жел тараған сәйгүліктердің шабысын тамашалады. Атбасар, Жақсы аудандары мен Арқалық қаласынан арнайы келіп, бәйгеге қатысқан шабандоздар жарқайың атырабын дүбірлетті.
Жарқайыңдағы бұл ат жарыстың басты ерекшелігі, бәйге аудан азаматтарының бастамасы. Аудандық ат спорты федерациясының вице-президенті Игорь Пугачев демеушілік жасаған дүбірлі додаға Ақмола облысының 3 ауданы мен Қостанай облысының Арқалық қаласынан 30 сәйгүлік қатысты. Халқы дархан Жарқайың жерінде ұйымдастырылған бұл байрақты бәсекеде тұлпарлар 3 қашықтыққа шапты. Жарыс дәстүр бойынша 4 шақырымдық құнан бәйгеден басталып, алғашқы айналымнан қара үзіп дара шапқан, Атбасар қаласының «Зәмзәгүл» есімді сәйгүлігі мәрені бірінші болып бағындырды. Шабандозы өрімдей ғана Шаихов Шалқар. Жасы сегізге енді толған Шалқар талай дүбірлі жарыстарға қатысып әбден ысылған шабандоз.
Ұшқыр аттардың 7 шақырымдық бәсекесі тартысқа толы болды. Алғашқы айналымдарда Львовское ауылының «Байқоңыр» есімді сәйгүлігі алдына жан салмай, шашасына шаң жұқтырмай негізгі топты жарты айналымға артта қалдырған еді. Бабы келіп тұрғанымен, бұл жарыста «Байқоңырдың» бағы жанбады. Мәреге бір айналым қалғанда шабандозы ауыздыққа ие бола алмай, «Байқоңыр» жарыс айналымынан шығып кетті. Мұндайда сәтін күте білетін шабандоздың мерейі үстем болатынына көрермендердің көзі жетті. Алғашқы құнан бәйгеде мәрені шулатқан Шаихов Шалқар, бұл қашықтықта да өзінің табандылығын танытып, тағыда бірінші орынды иеленді. 
10 шақырым қашықтыққа созылған топ бәйгеде Шаихов Шалқар тағы да бағын сынауға бел байлағанымен сәйгүлігі мәреге жете алмады. Бұл бәйгеде Жарқайыңдық Ағыбай Әділдің айы оңынан туды. Нахимов ауылдық округінен жалпы бұл додаға 8 ат қатысқан болатын. Солардың ішінен Ағыбай Әділ тақымдаған «Қарагердің» жолы болды. Екінші орынды Жақсы ауданынан келген «Стелла» есімді сәйгүлік иеленсе, үштікті Львовское ауылының «Огонек» есімді сәйгүлігі қорытындылады.
Атбегілік дәстүрді жалғастыруды, ауданда ат спортын дамытуды көздеген ұйымдастырушылар бұл спорт түрін аудандық «Топжарған» жазғы спартакиадасының бағдарламасына енгізген болатын. Үшінші рет жалауын желбіреткен бұл байрақты бәсеке жоғары деңгейде өткізілді. Осынау жарыстардың болашақта ат спортына тұрғындардың қызығушылығын арттырып, атбегілер қатарын көбейтуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Страница создана: 20.07.2018 09:56
Страница обновлена: 20.07.2018 09:56
Просмотров: 22


«    Август 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Текст