ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ZHARKAIN.GOV.KZ

 

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

г.Державинск, улица Ленина 34, 8-71648-9-10-01

zharkain@akmol.kz

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


В ЖАРКАИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАЖГЛИ ОГОНЬ СПАРТАКИАДЫ "ТОПЖАРҒАН"

13.07.2018

Бұқаралық спорт түрлерінен спартакиадалар өткізу – халықтың денсаулығын нығайтуға, спортпен шұғылдануға қызығушылықты оятуға және жанкүйерлік мәдениетті қалыптастыруға айтарлықтай септігін тигізеді. Ұлттық спорт түрлерінен «Құлагер», жазғы спорт түрлерінен «Ақбидай» облыстық спартакиадаларын өткізіп тәжірибе жинақтаған Жарқайың ауданы спорт мерекелерін жоғары деңгейде ұйымдастырады. Бұл жақсы дәстүрге аудандық «Топжарған-2018» жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсіміне жиналған көрермендер мен қонақтар куә болды. Биылғы спартакиада қожайындары Державин қаласы бұл игілікті істі тыңғылықты дайындықпен өткізіп, сенімді ақтап шықты.
Кезекті жиырма сегізінші рет ұйымдастырлып отырған аудандық спартакиада айбынды елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды. Биылғы спартакиадаға 16 ауыл және ауылдық округтердің, аудан орталығынан «СОЮЗ» ассосациясының және А.Үкібаев атындағы орта мектептің құрама командалары қатысып, бақ сынауда. «Топжарғанға» қатысушы дарабоздардың саны жыл сайын өсіп келе жатқаны көңілді қуантады. Былтырғы жарыста 220 спортшы қатысса, биыл 300 спортшы жанкүйерлерге тамаша ойындар сыйламақ. 
Аудандық спартакиаданың жалауын футболдан аудан құрамасының мүшелері Еркін Ораз, Микша Арнольд, президенттік көпсайыстан облыс біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Анжелла Белицкая, тоғызқұмалақтан Ақмола облысы құрама командасының мүшесі Шынболат Қарин көтеріп, спорттық жарыстың мәртебесін биіктетті. «Топжарғанның» алауын алып жүру құрметі спорт ардагері, президенттік көпсайыстан республика біріншілігінің жүлдегері, облыс чемпионы Людмила Шварневаға ұсынылды. Спартакиада алауын гір көтеруден спорт шебері, Қазақстан чемпионы Денис Долгашов тұтатты. Денис алдағы күзде Латвияда байрағын желбірететін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. 
Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде спортшылар мен жанкүйерлерді құттықтаған аудан әкімі Мұрат Балпан, «Топжарған» - талай дүлдүлдерге үлкен спортқа жолдама берген айтулы жарыстардың бірі екенін атап өтті. Еліміздің атын әлем ареналарына шығарып жүрген жерлестеріміз Теміртас Жүсіпов, Денис Долгашов, Наиль Башмаков, Әлішер Қинуарбек, Максим Унраудың спорттық жетістіктері жастарға үлгі екенін жеткізді. 
Салтанатты іс-шара аяқталысымен дәстүр бойынша шаруа қожалықтары басшылары мен мемлекеттік органдардың басшылары арасында футболдан жолдастық кездесу өткізілді. Тартысқа толы өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 
Спартакиаданың алғашқы күні жеңіл атлетикадан, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, армрестлинг, қазақ күресі, футболдан жарыстар өткізілде. Спорт мерекесі екі күнге жалғасады. Ұлттық спортымыз қазақ күресінен өткізілген белдесулерде аудан барысы Қуандық Тұяқов «Түйе палуан» атанып, аудандық қазақ күресі федерациясының вице-президенті Джаваншир Меджидов тағайындаған 30 000 теңгенің сертификатын иеленді.

Страница создана: 20.07.2018 09:54
Страница обновлена: 20.07.2018 09:54
Просмотров: 54


«    Октябрь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Текст