Официальный интернет-ресурс акимата Жаркаинского района Акмолинской области

Телефон: +7(71648) 9-10-01
021100, zharkain@akmol.kz
Акмолинская область, Жаркаинский район, город Державинск, улица Денина 34

 

Поделиться

Поиск по сайту

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


В ЖАРКАИНСКОМ РАЙОНЕ ОТКРОЮТ КРАЕВЕДЧЕСКИЙ МУЗЕЙ

17.07.2018

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жарқайың ауданының тарихи-өлкетану музейін ашуға қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Мұрат Балпанның бастамасымен арнайы ұйымдастыру комитеті құрылып, музей орналасатын ғимарат қарастырылды. Ұйымдастырушылар Атбасар ауданының, Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді ауданы, Жангелдин аудандарының өлкетану музейлеріне арнайы барып, тәжірибе алмасып қайтты.

Дайындық жұмыстарының барысын нақтылаған өңір басшысы аудандық мәдениет үйіне ат басын бұрып, болашақ музей кабинеттерін аралады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ұлболсын Ахметова аудан әкімі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, бүгінгі күні тарихи жәдігерлер жинақтау, декорациялар әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Игілікті істің келешек ұрпақ үшін тағылымды тарих орнын ашуға бағытталғанын ескерген Мұрат Балпан: “Тарихи-өлкетану музейі өткенімізді түгендеп, болашағымызды бағамдап, жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру үшін қажет. Сондықтан бұл жұмыстарды тыңғылықты, байыппен, көнекөз қариялармен ақылдаса отырып, ешбір тарихи деректі шет қалдырмай атқару маңызды», - деп атап өтті.   

Страница создана: 20.07.2018 10:04
Страница обновлена: 20.07.2018 10:04
Просмотров: 94


«    Декабрь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Текст